Қоғам

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті. 28-ші маусым мен 4-ші шілде аралығында жылжымалы емхана 5 стансаға тоқтап, тұрғындарды қабылдамақ. Нақтырақ айтсақ, дәрігерлер Саумалкөл, Янко, Белоградовка, Сулы және Бауман станцияларында халыққа көмек көрсетеді. Бір апта бойы тұрғындарды терапевт, хирург, жалпы тәжірибелі дәрігер, невропатолог, тіс дәрігері мен медбикелер қалбылдайды. Жұмыс уақыты таңғы 9-дан басталып, түсте бір сағаттық үзіліспен кешкі 6-ға дейін жалғасады. Айта кетсек, жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен іске асырылуда.

 

Самал Жунусова