Қоғам

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай концерт өтті

Петропавлда халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай концерттік бағдарлама өтті. Шарада жергілікті өнерпаздар ән салып, би билеп, жиналғандарға позитивті көңіл-күй сыйлады.

Каратэ шеберлері де қалыс қалмады. Олар ортада өз өнерлерін паш етті. Осы арқылы дүйім жұртты зиянды заттардан ада болып, спортпен шұғылдануға шақырды.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы облыстық филиалының директоры:

– “Скажем наркотикам нет”! Именно под этим девизом проходит Международный день борьбы с наркоманией. Все, кто сегодня сюда присутствует, это те, которые могут сказать «нет». 

Көрермендерді жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері де таң қалдырды. Жігіттер жекпе-жек өнерін паш етті. Ал есірткі іздеуге үйретілген спаниель “Грета” шараның “жұлдызы” болды. Ол зиянды зат жасырынған пакетті жұртшылық арасынан жылдам тауып алды.

РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Полиция департаменті Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған концерт ұйымдастырды. Бұл – есірткіге қарсы айлық аясында өткізілетін шара. Осы кезенде барлығы 45 профилактикалық іс-шара өткізілді. Есірткіге қарсы насихаттау шарасына белсене қатысқан барлық жасқа алғыс айтамыз.

Статистикалық дерек: жыл басынан бері полицейлер өңірімізде 36 кг түрлі есірткі тәркіледі, оның 1 келіден астамы – синтетикалық дүние. Ал есірткінің заңсыз айналымы саласында 120 қылмыс тіркелді.

 

Акжунис Мухатай