Қазақстан жаңалықтары

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның төрағасы Мәулен Әшімбаев комиссияның мақсаттары туралы айтып берді

Сенат Төрағасы Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы тұрақты даму мақсаттарын бекіткенін еске салды.

“Қабылданған барлық 17 мақсат бір-бірімен тікелей байланысты. Олар жекелеген елдер мен әлемнің өзекті мәселелерін шешуге арналған. Бұл құжаттың орындалуын 200-ге жуық ел, оның ішінде Қазақстан өз мойнына алды. Осы 7-8 жыл ішінде елде көп жұмыс атқарылды. Осы кезеңде бүкіл әлемге әсер еткен проблемалар болды. Пандемия еске түседі. Осыдан кейін жаһандық шиеленіс те артып келеді. Мұның бәрі тұрақты даму мақсаттарының орындалу қарқыны мен сапасына теріс әсер етеді”, – деді ол.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде әлем елдерінің жартысынан көбі бұл мақсаттарға қол жеткізе алмайды. Қазақстанның жай-күйіне келетін болсақ, 2023 жылғы әлемдік прогресс рейтингінде Қазақстан 166 мемлекеттің ішінен 66-шы орынды иеленді.