Құқық қорғау органдары

Шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған

Облыста шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалану жайттары көбінесе құрылыс орындарында тіркелді. Есіл ауданында емдеу мекемесін салуға ешбір рұқсат қағазы жоқ 6 өзбекстандық тартылған. Ал Шал ақын ауданында салынып жатқан мектеп аумағынан 10 тәжікстандық табылды. Екі жағдайда да ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-ші бабы 5-ші бөлімі бойынша материал жиналды. Шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған мердігерлер де жауапқа тартылды. Еске ала кетейік, облыста маусымның 19-ы мен 25-і аралығында “Заңсыз келуші” деген атаумен жедел-алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Көші-қон қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге шаруа қожалықтарын, құрылыс және сауда орындарын тексерді.