Спорт

Петропавлда қыздар арасында волейболдан республикалық жазғы чемпионат бастау алды

Петропавлдағы “Қуаныш” спорт кешенінде волейболдан қыздар арасындағы республикалық жазғы чемпионат басталды. Додаға 11-12 жастағы жеткіншектерден құралған 11 команда қатысып отыр. Біріншілік 6 күнге созылады. Күнделікті алаңға 10 ұжым шығып, өзара мықтыны анықтайды. Бүгін жарыс шымылдығын Жетісу мен Ақмола облысының бұрымдылары ашты. Шығысқазақстандық ұжым – өз өңірінің чемпионы. Команда сапында 14 ойыншы мен 2 бапкер бар. Чемпионатқа тыңғылықты дайындалған құрама жеңістен үмітті.

СӘБИНА МАМЫРБАЙ, Жетіңсу облысының құрамасының бас бапкері:

– Жақсы дайындықпен келдік. Осы жарыстың алдында Өскемен қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бұл қалаға 2 күн бұрын келдік, сол уақыт аралығында жаттығу жасап, алаңға машықтандық. Бұндай чемпионатқа бірнеше рет келгенмін. Бірақ, бүгінгі құраммен бірінші рет келіп қатысудамыз.

 

Акжунис Мухатай