Қоғам

Облыста 7 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды

Шілденің 1-і күні елге өткен жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру мерзімі аяқталады. Осы орайда көлік иелері мүлкін заңдастыруға шілденің 1-іне дейін өтінім беріп үлгерулері қажет. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, өңірде 7495 шетелдік автокөлік заңдастырылған.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ:

– СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы “Автокөліктердің иелері 1 шілдеге дейін Egov порталы арқылы немесе екінші банктің қосымшалары арқылы, мобильдік қосымша арқылы өтініштерін қалдыруы керек және де осындай автокөліктерді 10 шілдеден бастап есепке, уақытша есепке қою басталады.

 

Акжунис Мухатай