Құқық қорғау органдары

Маусымның 23-і – Қазақстан полициясы күні

Елімізде 2007 жылдан бері ҚР Полициясы күні аталып өтіліп келеді.
Облыстық полиция департаментінде тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесіне арналып салтанатты жиын өтті. Шара қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алудан басталды. Жиналған қауым батырлардың құрметіне салынған мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ, бұл күні 150-ден астам қызметкер мақтау қағазымен, алғыс хатпен және медальмен марапатталды.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Бұл мереке- ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, ержүректілігі, тәртіп сақшыларының бірнеше буынымен іргесі қаланып келген Отан мен халыққа қызмет етудің озық дәстүрлеріне деген құрмет болып саналады.

 

Аснурия Абдула