Денсаулық сақтау

Алғашқы тоқсанда экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы 20 бала дүниеге келді

Өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі артып келеді. Бұған сандар дәлел. Мысалы, 2019 жылы облыста КТ және МРТ арқылы 4,9 мыңнан астам тегін тексеру жүргізілген. Ал ағымдағы жылдың 5 айында 18 мыңға тарта қызмет көрсетілген. Бұған қордан 250 млн теңге аударылыпты. Сәби сүю – әр ерлі-зайыптының арманы. Алайда, жұптардың бәрі бірдей ата-ана атана алмайтыны шындық. Мұндай сәтте медицинаның көмегіне жүгінуге болады.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ директоры:

– Өткен жылы біздің өңірде экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы 103 бала сәтті дүниеге келді. Оның 16-сы – егіздер. Ал ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 20 сәби өмір есігін ашты. Процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтерінің тізіміне кіреді. Сондықтан, “сақтандырылған” пациенттер оны тегін ала алады.

Алайда, қор қызметінде әлі де қиындықтар бар. Соның бірі – сақтандырылған пациенттердің 100 пайызға жетпеуі.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «ӘМСҚ» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– СҚО-да 93 196 адам сақтандырылмаған. Бұл жалпы халықтың 17,5 пайызын құрайды.

Кейбір медициналық қызметтерге науқастың қаржысы жетпеуі мүмкін. Қордың жергілікті филиалы өкілдері мұндай қиындыққа тап болмас үшін тұрғындарды қатарға қосылып, “сақтандырылған” статусындағы тұлға болуға шақырады.

 

Байболат Култанов