Қоғам

Тайынша ауданында 2 мектеп салынып жатыр

Тайынша ауданында барлығы – 51 білім беру мекемесі бар. Соның 2-еуі 2019 жылы апатты деп танылды. Біреуі Вишневка елді мекенінде орналасса, екіншісі – Тайыншада. Осы орайда ауданда қазір қос білім ұясының құрылысы жүріп жатыр.

Тайынша қаласындағы 600 орынға шақталған мектептің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталды. Құрылыс жұмыстарының 80%-ға жуығы тындырылды. Жаңа ғимаратта алдағы уақытта апатты деп танылған 1-ші мектептің ұл-қыздары оқиды. Барлығы – 450-ге жуық оқушы.

ГҮЛНӘР ИГІБАЕВА, Тайынша ауданы білім бөлімінің басшысы:

– Негізі, ескі мектеп орыстілді. Жаңасы ашылғаннан кейін қазақ сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз. Мұнда барлығы заман талаптарына сай болады. Компьютер сыныптары, жеделсаты, кітапхана, кең спорт залы мен акт залдары салынып жатыр. Аудандағы ең ірі мектептердің бірі болады.

Мердігер – «Зерттеу» серіктестігі. Құрылыс жұмыстарына 40 адам жұмылдырылған. 7 техникасы бар. Жоба құны – 2 млрд теңге.

ДӘУЛЕТ МАЛҒАЖДАРОВ, құрылыс учаскесінің басшысы:

– Қазір 3-ші блокты әрлеу, инженерлік желі тарту, асхана мен спорт залына терезе қою бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Құрылыс материалдарының барлығы – отандық өнім. Оның бір бөлігін біздің компания шығарады. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, «Зерттеу» серіктестігі Петропавлдың Береке шағын ауданындағы коррекциялық мектептің құрылысына да жауапты.
Мынау – Вишневка елді мекеніндегі 120 орынға арналған мектеп. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың маусымында басталыпты.

ЕРАЛЫ БИЖАНОВ, құрылыс учаскесінің басшысы:

– Фундаменттен бастадық. Дәл қазір отделочный жұмыстар жүріп жатыр. Бұл мектеп 120 оқушыға арналған. + СКЛ 0,43 Қазір 25 маман істеп жатыр, іштегі жұмыстарда и 6 адам фасадта.

Вишневка ауылында салынып жатқан мектеп қыркүйек айына дейін қолданысқа беріледі. Ал Тайынша қаласындағы 600 орынға шақталған білім ұясының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады.

 

Гульден Симбаева