Қоғам

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру тоқтатылады

Елге өткен жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Шілденің 1-іне дейін келіп түскен құжаттар тиісті талапқа сәйкес қаралады. Осы орайда жергілікті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Орталықтағы мамандар азаматтарды жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 19.00-ге дейін қабылдайды. Ал демалыс күндері мекеме таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс кестесі автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты.

 

Гульден Симбаева