Құқық қорғау органдары

Полицейлер жарысы

Жараланған адамды тасымалдау, автоматты бұзып, қайта құрастыру және қашықтыққа жүгіру. Осының барлығы Петропавлда өткен “Полиция эстафетасы” жарысында болды. Аталмыш сайыс тәртіп сақшыларының кәсіби мерекелері қарсаңында өтті. Жарысқа полиция бөлімшелері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командалары қатысты. Жарыстың қызғаны соншалық жаңбырлы ауа райы да өз кедергісін келтіре алмады. Мамандар газқағар киіп жүгірді, Макаров тапаншасын бұзып-жинады, оқ-дәріні алып жүруді, жаралы адамды тасымалдауды, Калашников автоматын жинаудан сынға түсті.

ИГОРЬ ЛЕВИН, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Қазақстандық Полиция күнін мерекелеу аясында “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында спорттық эстафета өткізіп жатырмыз. Білікті маман физикалық және моральдық тұрғыда да мықты болуы керек. Осындай спорттық шаралар аталған қасиеттерді дамыта түседі.

Жарысқа барлығы – 6 команда қатысты. Әрқайсысында – 8 адамнан.
Жарыс соңында облыстық полиция департаментінің аппараты үздік деп танылды. 2-ші орында – мамандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары. Қалалық полиция басқармасының ұжымы 3-ші орынға тұрақтады.

 

Акжунис Мухатай