Экономика және қаржы

Қазақстанның негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі артты

Қазақстанның негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі жыл басынан бері 17% пайызға артты. 2023 жылдың қаңтары мен мамыр айлары аралығында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 5,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылға қарағанда көп деп хабарлады LS ақпараттық порталы Ұлттық статистика бюросы келтірген мәліметке сүйене отырып. Қаржының басым бөлігі – 2,6 трлн теңге өнеркәсіпке бағытталған,
жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар сомасы – 1 трлн теңге, ал көлік және қоймалау саласына қатысты операциялар ауқымы 523 млрд теңгені құрапты. Бүкіл соманың негізгі бөлігі – 2,4 трлн теңге шағын кәсіпорындарға тиесілі, ірі өндіріс орындарына – 2,3 трлн теңге, ал орта бизнеске 304 млрд теңгеден астам қаражат құйылған. Өңірлерге бөліп қарастыратын болсақ, негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша алғажылжушылық Түркістан облысында тіркеліп отыр. Мұндағы қаржы көлемі 196,1 млрд теңгені құрады. Одан кейін Маңғыстау мен Қызылорда облыстары тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында негізгі капиталға 109,4 млрд теңге құйылған.