Экология

IV санаттағы нысандардың операторлары салық төлеуден босатылады

Былтыр қаңтар айында елдегі Салық кодексінің экология мәселелері туралы баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осыған байланысты енді IV санаттағы нысандардың операторлары салық төлеуден босатылады. Бұл жөнінде қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қайрат Абенов түсіндіре кетті.

ҚАЙРАТ АБЕНОВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы:

– Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес объектінің санатын айқындау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Яғни, СҚО бойынша экология департаменті. Объектілер IV санатқа тағайындалған жағдайда салық міндеттемелері туындамайды.

 

Гульден Симбаева