Қоғам

Даңқты генерал Ахмет Тұмарбековке арналған экспозиция ашылды

Даңқты генерал Ахмет Тұмарбековтің дүниеге келгеніне биыл – 100 жыл. Павлодар облысының тумасы мектепті Петропавлда тәмамдаған екен. Еңбек жолын 17 жасында-ақ ішкі істер органдарынан бастаған. Ахмет Тұмарбеков Ұлы Отан соғысы кезінде Солтүстік-Батыс, Орталық, Воронеж, бірінші Украин және Курск доғасында өткен шайқастарға қатысқан. 48-ші жылы елге оралып, қызмет жолын жалғастырады. 61 жылы ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 1956 жылы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып “КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері” белгісімен марапатталған. Облыстық полиция департаментінің музейінде ардагерге арналып экспозиция ашылды. Құнды жәдігерлерді Ахмет Тұмарбековтің балалары әкеліп тапсырды.

 

Аснурия Абдула