Қоғам

18 қабатты үйдің іргетасында жарық пайда болды деген рас па, өтірік пе?

Петропавлда 18 қабаттың үйдің құрылысы іргетасының жарылуына байланысты тоқтатылды. Осындай жазба бүгін әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Жергілікті билік өкілдері бұл ақпарды жоққа шығарды.
Қалалық әкімдіктегілер облыс орталығында салынып жатқан коммерциялық 18 қабатты үйлердің құрылысы екі учаскеде жүріп жатқанын айтты.
Құрылыс сапасы бүкіл техникалық регламент пен нормаларға сәйкес келеді. Бұрын базар болған жерде салынып жатқан нысан құрылысының тоқтатылуы тапсырыс беруші “ЦОТ” серіктестігі мен мердігер «Альбе-7» кәсіпорны арасында жұмыс көлеміне қатысты келіспеушілікке байланысты. Нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Гульден Симбаева