Қоғам

Еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылған жандардың жәрдемақысы өседі

Биыл шілденің 1-інен бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды. Әңгіме еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылған жандардың алатын жәрдемақысы жайлы. Мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмек 14,5%-ға өседі. Бұл жәрдемақылар биыл екінші рет көтеріліп отыр екен.

ГҮЛНӘР ҚАПЕНОВА, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы:

– Төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 8,5 пайызға өсті. Әлеуметтік төлемдерді арттыру қосымша құжаттарды қажет етпейді. Ол автоматты түрде республика бойынша 92 мыңға жуық еңбекке қабілеттігінен айрылған азаматтарға және асыраушысынан айырылған 60 мың отбасына жүзеге асырылады.

Ал өңірімізде еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жандардың саны 4 мыңға жуықтайды. Мүгедек жандардың әлеуметтік төлемінің орташа мөлшері 34 102 теңгені құрайды. Ал асыраушысынан айырылған отбасылардың жәрдемақысы – 43 302 теңге.

 

Гульден Симбаева