Білім

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде оқуға құжат қабылдау жүріп жатыр

М.Жұмабав атындағы жоғары колледжінде оқуға құжат қабылдау науқаны бастау алды. Жастар 11 мамандық бойынша өтінім бере алады. 9-11 сынып бітірген талапкерлерге грант ұсынылып отыр. Биыл колледжге 475 мемлекеттік стипендия берілген. Жастардың құлағына алтын сырға – оқуға қабылдау барысында ұл-қыздардың атесттатындағы баға ескеріледі. Педагогиканы таңдағандар эссе жазып, білім деңгейлерін ортаға салады.

ЖАННА ЫСҚАҚОВА, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі қабылдау комиссиясының мүшесі:

– Жастар өздерімен бірге атестаттарын, 3х4 форматында 4 сурет және 075 медициналық анықтама әкелулері тиіс. Сондай-ақ, төлқұжат болуы шарт. 9-шы сыныптан кейін оқу 3 жыл 10 айға, ал 11-ден кейін 2 жыл 10 айға созылады. Бүгін біз 28 жастың құжатын қабылдадық.

Бүгін мекемеде құжат тапсырған ұл-қыздардың 60% – облыс орталығында оқыған түлектер. Жалпы, колледждегі маңызды науқан 18-ші тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, биыл оқу ұясынан 402 жас түлеп ұшпақ. Қазіргі таңда мекемеде диплом табыстау шарасы да жүргізілуде.

 

Алдияр Айтпаев