Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында мынандай мәселелер қаралды:

– Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының “Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы” жолдауы
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту
– Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияны бекіту
– “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы

АБЗАЛ ҚҰСПАН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Түзетулердің бірінші тобы – прокуратура жүйесінде активтерді қайтаруға бағытталған жаңа уәкілетті органның құрылуына қатысты. Түзетулердің бірінші тобы активтердің пайда болуының қайнар көзі, шығу тегі, заңдылығына қатысты ақпараттарды жинауға қатысты.

 

Байболат Култанов