Өнеркәсіп

Елде шығынға батқан кәсіпорындар саны артуда

Елде шығынға батқан кәсіпорындар саны артуда. Өткен жылы көрсеткіш 31,9% құраған. Бұл жайлы LS сайтында жазылды. Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, 2021-де статистика 26,4%-ды көрсеткен. Ал 4 жылда заңды тұлғаларға несие берудің орташа жылдық өсімі небәрі 10%-ға жуықтаған. Кредиттердің басым бөлігі сауда нарығына бағытталыпты. Соңғы 5 жылда мақұлданған несиелердің 60% осы салаға тиесілі. Ал 26% өнеркәсіпке бағытталған. Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы мемлекеттік қолдауды дамуы кенжелеп қалған аумақтар мен кәсіпорындарға беру қажет деп отыр.

 

Алдияр Айтпаев