Қоғам

Жыл басынан бері 514,3 мың адамға АӘК тағайындалды

Биыл 514 мыңнан астам адамға АӘК тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл мақсатқа бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлініпті. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем түріне ауыстырылды. Бүгінге дейін төлемді мектеп жасына дейінгі 157,2 мың ұл-қыз алған.

 

Алдияр Айтпаев