Спорт

Шенділер білек күшін сынады

Шенділер білек күшін сынады! Облыс орталығында “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы аясында құқық қорғау органдарының 38 өкілі гір спортынан сынға түсті. Олар 5 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады. Тартысты додада ҚР Ұлттық ұланы Академиясының курсанттары командалық есепте топ жарды. Полиция департаментінің жігіттері екінші орынға жайғасса, үздік үштікті мамандандырылған күзет қызметі басқармасы тұйықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табыс етілді.

 

Байболат Култанов