Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғыны травматикалық тапанша тауып алды

Қос петропавлдық полицияға келіп, тіркелмеген қару тапсырды. Біреуі 12-ші калибрлі “ТОЗ” тегіс ұңғылы мылтығын әкелсе, екіншісі үй жанында травматикалық тапанша жатқанын айтқан. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандықтан екеуі де жауапкершіліктен босатылды. Бүгінге дейін өңірімізде 7 мыңнан астам азаматтық қару иесі тіркелген. Қылмыстық жайттың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары “Қару иесі” атты акция өткізіп жатыр. Маусымның 7-сінен бастау алған шара барысында мың жарымға жуық қару иесі тексеріліпті. 58 құқық бұзушылық анықталды. Оның 47-сі қаруды дұрыс сақтамауға қатысты.

 

Акжунис Мухатай