Kurultai banner mobile

Қоғам

Көлдегі кезекті рейд

Күн қатты ыстық болмаса да Пестрое көлінің маңы бос емес. Тұрғындар балалары мен немерелерімен келіп шомылуда. Тіпті, өзге өңірден де келгендер бар. Құтқарушылар судың температурасы +10 градус дейді. Мұндай кезде мамандар адамдарға шомылуға кеңес бермейді. Суға түсу температура кемінде 18 градус болуы керек. Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы өңірде 1 адам қаза тапты.

ӘЛІБЕК БОРОМБАЕВ – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:

– Күнде рейдке шығып тұрамыз. Пестрое көлінің маңында 5 құтқарушы жұмыс істейді. Күндіз 3-еуі, түнде 2-еуі кезекшілік атқарады. Шомылу маусымы басталғалы 148 тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ең бастысы, адамдарға айтарым, шомылу кезінде тиісті ережені бұлжытпай ұстану қажет.

Рейд барысында мамандар 100-ге жуық жаднама таратты. Онда суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жазылған. Ережелер қарапайым, ең бастысы, осы қағидаларды ұстану қажет.

– Аяқтың сіңірі тартып қалса дүрбелеңге салынбау керек. Өз-өзін сабырлы ұстауға тырысу керек. Суда көп жүзуге болмайды.
– Немерелеріме ережені айтып отырамын. Судың арнайы белгіленген жерінен ары қарай өтіп кетпеу қажет.

Айта кетейік, өңірде суға түсуге арналған 60 орын бар.

 

Гульден Симбаева