ТЖ

Балалар жарақатының алдын алу

Қауіпсіз балалық шақ. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ойыншық дүкендеріне кіріп, тауарларға қауіпсіздік ережесі жазылған қағаз жапсыруда. Онда балаларды электр құрылғыларына жақындатпау, қолдарына сіріңке бермеу туралы жазылған. Бұл акция бүгін бастау алды. Мамандар қаладағы барлық сауда орнын қамтуды жоспарлап отыр.

САЯН АХМЕТЖАНОВ, қалалық ТЖБ аға инженері:

– Бір күнде 10 дүкенге кірмекшіміз. Бұл акция жаз бойы болады. Қазір балалар демалысқа шықты. Көбісі үйінде. Оларға айтарым, электр қуатына жақындамасын. Кішкентай балалар ата-ананың бақылауында болуы қажет.

 

Гульден Симбаева