Қоғам

ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жандандыру

Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық кеңес, аналар кеңесі, жастар ұйымдары, университеттегі кафедра. Бұның бәрі ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері болып саналады. Барлығы – өңірде осындай 11 ұйым бар екен. Олардың мақсат-міндеттері – елдегі этносаралық татулықты пен ұлттық құндылықтарды насихаттау және дамыту. Бүгін Достық үйінде аталған тақырыпты арқау еткен семинар өтті. Жиынға құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен қатар, этномәдени ұйымдардың да мүшелері белсене қатысты. Солардың бірі – 95 жылы құрылған облыстық әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Шыңғыс Құрбанов.

ШЫҢҒЫС ҚҰРБАНОВ, “СҚО әзірбайжан мәдени орталығы” ҚБ төрағасы:

– Мен қазақша көп сөз білемін. Қазақ тілі – әзірбайжан тіліне жақын тіл. Мен қазақ халқына алғыс білдіремін. Береке-бірлік тілеймін. Қазақстанымыз гүлдене берсін.

Жалпы, облысымызда 29 этномәдени бірлестік пен 183 этномәдени орталық бар. М.Жұмабаев ауданындағы “Мақсат” орталығы Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыста. Аталған ұйым өкілдері халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін бірлесе дәріптегісі келеді. Сонымен қатар, өзге де бағытты қамтуға ниетті.

МЕЙРАМ РЫСПАЕВ, “Мақсат” этномәдени ұйымының төрағасы, М.Жұмабаев ауданы:

– Әр ұлттың өнерін, салт-дәстүрін жоғалтпауына көмектеміз. Бір шаңырақтың астында болғаннан кейін тату-тәтті болып, еңбегіміздің жемісін көріп, жақсылыққа баулитынымызға сенімдімін.

Жиында туындаған мәселені дұрыс шешу және жанжалдың алдын алу жолдары туралы тренинг те өткізілді. Қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған міндеттер қарастырылды.

 

Аснурия Абдула