МТРА жаңалықтары

Қазақстанда дәрі-дәрмекті қадағалау жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Елімізде өткен жылдың шілде айынан бастап дәрілік заттардың цифрлық таңбалануы енгізіле бастады. Бұл жүйені қолданудағы мақсат – цифрлық бақылау технологиялары арқылы көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою. Дәрілік заттарды таңбалау мен қаптамасының әрбір бірлігі үшін өндіруші мен импорттаушы жауапты. Осы жүйенің арқасында өнімнің заңсыз саудалануына жол берілмейді.
Бақылау функциясынан басқа, таңбалау жүйесі арқылы дәрілік заттың жарамдылық мерзімі мен Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті рұқсат етілген бағаның сәйкестігін білуге болады. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда 90 атау бойынша дәрілік заттарды цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілген болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл жүйе дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді. Қазір аталған дәрі-дәрмекті қадағалау жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр.

 

Акжунис Мухатай