Білім

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл 60-қа жуық оқушы тәмамдады

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аттестат табыстау салтанаты өтті. Шара “Алтын белгі” иегерлерінің шеруімен басталды. 4 үздіктің қатарында Айсана Басағаринова бар. Бұрымды – бірнеше білім байқаууының жеңімпазы. Гонконг Қытай университетінде оқуға ниетті. Болашағын биотехнология саласымен байланыстырмақ.

АЙСАНА БАСАҒАРИНОВА, Химия-биология бағытындағы НЗМ түлегі:

– Мектепте әр түрлі қасиеттер мен дағдыларға ие болдым. Бұл -ұстаздар мен ата-анамның еңбегі. 02,53\ Бұл мектеп маған үлкен мүмкіндіктерге жол ашты, осыны ұмытпаймын.

Жастарды құттықтап, қолдауға келген ата-аналарды мақтаныш сезімі кернеп тұр. Олар балаларына деген құттықтауларын ән-жырмен жеткізіп, алда жоғары белестерді бағындыруға тілектес екендіктерін айтты.

ЗЕЙНЕП МҰХАМЕДЖАНОВА:

– Бүгін мен үшін ерекше күн. Ұлым мектеп бітіріп жатыр. Баламның осы мектепте оқып, сапалы білім алғанына қуаныштымын. Оның жетістіктері мұғалімдері берген білімнің нәтижесі деп білемін. Ұлымның келешекте биік белестерден көрінетініне сенімдімін.

Жалпы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 60-қа жуық түлек тәмамдады. Олардың 4-уі “Алтын белгі” иегері атанса, 10 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ директоры:

– Ең бастысы, түлектердің 20% қазірдің өзінде шетелдік университеттердің грант иегерлері атанды. Өзгелері алдағы уақытта қазақстандық үздік жоғарғы оқу орындарының студенттері атанатынына сенімдіміз.

Түлектерге орта білім алғандығы жайлы аттестат және NIS ALUMNI – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектер бірлестігі мүшелігінің төсбелгісі мен құжаттары табыс етілді.

 

Самал Жунусова