Қоғам

Петропавлда “Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” облыстық байқауы өтті

Петропавлда «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» деген атаумен облыстық байқау өтті.
Оған 9 маман қатысты. Шараның мақсаты – моральдық-этикалық құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру. Бүгінгі сайыс барысында қатысушылар кәсіби қызмет туралы сұрақтарға жауап береді. Үмітжан Нұртазина – Тимирязев ауданының әдеп жөніндегі уәкілі. Маман – өткен жылғы республикалық байқаудың 2-ші орын иегері.

ҮМІТЖАН НҰРТАЗИНА, Тимирязев ауданының әдеп жөніндегі уәкілі:

– Мемлекеттік қызметкер болу – зор жауапкершілік. Әрбір азамат бұл қызметті абыроймен атқаруы тиіс. Біздің қызмет – профилактикалық жұмыс жүргізу, халықпен тығыз қарым-қатынаста болу, өңірдің дамуына өз үлесімізді қосу.

Комиссия мүшелерінің бірі – облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Сейілхан Серікбаев. Ол биылғы республикалық байқауда
“Жергілікті атқарушы органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған беделді қызметкерлерді басып озған жерлесіміздің тәжірибесі мол. Осы орайда Сейілхан Серікбаев “Әдеп жөніндегі уәкілі қандай болуы керек?” деген сұраққа жауап берді.

СЕЙІЛХАН СЕРІКБАЕВ, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:

– «Әдеп» сөзі – өте ауқымды сөз. Ол тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты емес. Президентіміз айтқандай, «Ұлы Дала әдебін» сақтауымыз керек. Жаңғыртып, насихаттау қажет. 2022 жылғы ақпанның 22-сінде шыққан Әдеп кодексінің жаңа редакциясында мынадай қағидаттар белгіленген. Олар: шыншылдық, әділеттілік, адамгершілік, халыққа қызмет көрсетудегі ашықтық және сыпайылық. Осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы керек.

“Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” байқауы 2021 жылдан бері дәстүрлі түрде өтікізіліп келеді.

 

Аснурия Абдула