ТКШ

Петропавлда электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

Облыс орталығында қоғамдық тыңдау өтті. Жиында мәлім болғандай елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі және жылу коммуникацияларының 57%-ы тозған. Энергетиктердің айтуынша, тарифтің өзгермеуі апат санын ұлғайтып, соның салдарынан адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан «Инвестиция орнына тариф» жаңа қағидаты негізге алынған.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

– “Севказэнерго” АҚ 2023-2025 жылдарға жылу энергиясын өндіру тарифін ұлғайтуға өтінім берді. 2020 жылдың желтоқсанында бекітілген негізгі тарифтік смета өзгеріссіз қалады. Қалған үшеуіне түзетулер енгізу қажет.

Өзгеріс инвестициялық бағдарламаның ұлғаюына байланысты дейді мамандар. Соның аясында 1-ші турбина, 9-шы, 11-ші мен 2-ші қазандықтар жаңғыртылып, негізгі жабдықтардың тозу қарқыны бәсеңдеп, жылумен қамту сапасы артады.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

– Бұдан бөлек мамандардың еңбекақасын көтеру мүмкіндігі туады. Қазіргі тарифтік сметада қызметкерлердің жалақысы 158 278 теңгені, 2023-2024 жылдары – 164 мың, 2025 жылы 169 мың теңгені құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау экономикалық қызмет түрі бойынша орташа еңбекақы 199 209 теңге шамасында.

Құзырлы органға тарифті көтеру туралы өтінімді “Петропавл жылу желілері” серіктестігінің басшылығы да жолдапты. Өткен айда қолданыстағы инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізілген көрінеді.

АНДРЕЙ КАЛИНИЧЕВ, «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры:

– 2023 жылғы инвестициялық бағдарлама аясындағы іс-шараларды қаржыландыру көлемі 42 млн теңгеге, яғни қосылған құн салығынсыз 844 млн теңгеден 886 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Инвестициялық бағдарлама аясында қосымша қаражат №1 сорғы станциясын күрделі жөндеуге қажет.

Барлық шығындарды ескере отырып, 2023 жылға ұсынылатын тариф 3 085 теңгені құрайды, бұл бекітілгеннен 205 теңгеге жоғары. Әзірге, өтінімдер табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде қаралып жатыр.

 

Алдияр Айтпаев