Спорт

Теріскейлік велошабандоздар Азия чемпионатынан жүлделі оралды

Теріскейлік велошабандоздар Тайландта өткен Азия чемпионатынан жүлделі оралды. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын 4 жасөспірім қорғады. Соның 2-еуі – өңір спортшылары. Бұл дода қарсаңында ұлттық құрама мүшелері Еуропа елдерінде оқу-жаттығу жиынынан өтіпті. Төккен тердің арқасында отандастарымыз Тайландта 3 алтын медаль еншіледі. Теріскейліктер 2 бірдей жүлдені мойынға тақты. Мансұр Бейсембай аралас командалық эстафетада 30 км қашықтықта чемпион атанды. Ол мәре сызығын 41 минут 22 секундта кескен.

МАНСҰР БЕЙСЕМБАЙ, велоспорттан Азия чемпионы:

– Азия чемпионатына қаңтар айынан бастап Испания, Франция сынды елдерде дайындалдық. Тайландқа алтын алқа үшін бардық. Қуанышымызға орай, дегенімізге жеттік. Жақындарымыз жақсы қарсы алды. Қуанышым қойныма сыймай тұр.

“Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысар” демекші, шабандоздардың жақындары шекара сыртынан ақжолтай хабар күтіпті. Бірінші орын дегенде Бейсембай Бекеновтың төбесі көкке екі елі жетпей қалған.

БЕЙСЕМБАЙ БЕКЕНОВ:

– Мансұрым облысымызды бүкіл әлемге танытып, қуантуда. Бапкерлерге көп рахмет! Кішкентай кезінде жаттығу орнына машинамен апарып жүрдім. 02:10 Бүгінде тойлап жатырмыз. Немерем “Спорт шеберіне үміткер” болған еді. Енді “Спорт шебері” атанды.

Спортшылар шілде айында Франция елінде өтетін әлем чемпионатына қатыспақ. Жаһандық жарыс шілде айының 3-і күні бастау алады.