СҚО әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында ауылдарды
ауыз сумен қамту бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері қорытындыланды. Жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері және полиция департаментінде жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, бизнеске арналған жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылым тарту мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізіліп жатқан
шаралардың тиімділігі талқыланды. Жиын соңында облыс әкімі Айдарбек Сапаров тиісті тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Полиция департаментіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуді, кадр жұмысын жақсарту, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдауды, тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, ең осал лауазымдарды анықтап, дер кезінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Аудандар мен Петропавл қаласының әкіміне полиция басқармасымен бірлесіп, ревизия жүргізіп, жол қозғалысын және техникалық құралдарды ретке келтіруді, жолдардың сапасы, жарықтандыру мен тиісті жол белгілеріне қатысты тексеру жүргізуді тапсырамын. Бұл мәселелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін шешілсін.