Құқық қорғау органдары

Соңғы 5 күнде 30-ға жуық мас жүргізуші ұсталды

– С Малого Белого? Все выпившие, да? А? Кто трезвый? Вы трезвый, да? Вы же трезвый? Вы выпивали, да? Вы за рулём были?

Жуырда тәртіп сақшылары Қызылжар ауданындағы Асаново ауылының маңында “Mercedes” маркалы көлікті тоқтатады. Тексеріс барысында темір тұлпар иесінің мас екендігі анықталды. Қасындағы жолаушылары да сондай күйде. 39 жастағы ер адам әрі мас, әрі көлік құралын басқару құқығы болмаса да рөлге отырған. Ауыл тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл факті “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Жалпы, 5 күн ішінде ішімдік ішіп алып рөлге отырған 30-ға жуық жүргізуші ұсталды.

ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Өткізілген іс-шараның нәтижесі бойынша жол жүрісі ережелерін бұзу – 1582, оның ішінде көлік құралын масаң күйінде басқару – 29, басқару құқығы жоқ – 7, қарама-қарсы жүру жолағына шығып кетуге қатысты 2 құқық бұзушылық және белгіленген жылдамдықты асырудың 309 фактісі анықталды.

Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 11-і жарақат алды.

 

Самал Жунусова