Қоғам

Ойқала ықшам ауданындағы көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

Есіл өзені үстіндегі көпірден күніне 8 мыңға жуық көлік өтеді.
Көпірдің көтеру салмағы 8 тоннаға шамаланған. Бұл жермен ауыр жүк көліктері де қатынайды. Мамандардың айтуынша жолдың беткі қабатының бұзылуына көбіне солар әсер ететін көрінеді. 61-ші жылы салынған көпір соңғы рет 2017-де орташа жөндеу көрген. Биыл нысанға маусымның 7-сі мен 10-ы аралығында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Үш күннің ішінде қандай іс тындырып үлгергендерін жауапты компания филиалының өкілі айтты.

ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Біз қалпына келтіруді жұмыстарын өндірістік жоспарға сәйкес жүргіздік. 400 метр аралыққа 4 см-лік асфальтбетон қоспасын төседік. Көпір элементтерін бояп, жаңа жол таңбаларын орнаттық. Іске барлығы – 15 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

 

Аснурия Абдула