Қоғам

Велосипедшілерге ережелер түсіндірілуде

Велосипед тізгіндегендердің арасында жол ережелерінен бейхабар немесе ұстанбайтындар бар. Бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Осыны ескеріп тәртіп сақшылары рейд шарасын ұйымдастыруда. Оның аясында басымдық кәмелетке толмағандарға беріледі. Ересектер де ұмыт қалмайды.

– А где светофор, там как переходите вы? – То же самое. – Тоже слазите и так проводите, да? А если, допустим, вы едете, и машин нигде нет, вы проезжаете через пешеходный переход? – Нет, всё равно слезаю. – Хорошо, правильно. А на велосипеде вам можно по проезжей части ездить? – Нет. – Правильно, с 14 лет.

Ең қауіпті учаске – қиылыстар. Көбінесе қос дөңгелекті көлік иелері жолдардың түйіскен жерінде ереже бұзады екен. Велосипедшілерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынған. Мұны да біле жүрген абзал. Тағы кешке және түнде рөлдегі адамның киімінде жарыққа шағылысатын элементтер болуы шарт.

ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Жазғы маусым басталғаннан бері облыс аумағында велосипедшілердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Алайда, велосипедтерді пайдалану қағидаларын ұмытпау керек. 14 жасқа толмаған велосипедшілерге жол бойында жүруге тыйым салынады. Велосипедті басқару кезінде шлемді, тізе және шынтақ жастықшаларын пайдалану қажет.

Енді жалпы статистикаға тоқталайық. 5 айдың қорытындысы бойынша өңірімізде зардап шеккендермен 99 жол-көлік оқиғасы болған. Ең көп қайталанған – қиылыстарда қақтығысу. Мұндай 21 факті тіркеліп отыр.

 

Акжунис Мухатай