Экология

Тайыншалық қос тұрғын заңсыз марал атып алған

Бұл – марал емес, сиырдың еті. Полиция қызметкерлерін осылай алдамақ болған қос тайыншалықтың қулығы әшкере болды. 62 және 41 жастағы ер адамдар
отырған көліктің жүксалғышынан буаз болған маралдың еті табылды. Күдіктілерден марал еті мен мылтық тәркіленді. Екеуінің айтуынша, жануарды олар Тайынша ауданындағы Макашевка ауылынан 15 шақырым жерде атып алған.
Ер адамдар қамауға алынды. Аталған факті ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Бұл бап бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Самал Жунусова