Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан мен ЭЫДҰ реформалар мен зерттеу жұмысындағы ынтымақтастықты талқылады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев жаһандық қатынастар жөніндегі Хатшылықтың Еуразия бөлімінің басшысымен кездесті. Кездесуге қатысушылар реформалар бойынша Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін зерттеу және талдау жұмыстары бөлігіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, талқылау тақырыбы 2022-2025 жылдарға арналған Action plan және қатысушы елдердің ЭЫДҰ-ға кіру рәсімінің мониторингі болды.

Әсет Ерғалиев атап өткендей, биыл Агенттік реформалар бойынша алғашқы ұлттық баяндамасын ұсынады, онда Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың тұтас көрінісі мен логикасы көрініс табады.