Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрының 33-ші маусымы жабылды

Облыстық қуыршақ театры 33-ші маусымының шымылдығын жапты. Өнерпаздар кішкентай көрермендерге орыс жазушысы Давид Самайловтың “Етік киген мысық” ертегісін қойды. Бұл – көңілді музыкалық қойылым. Кейіпкерлері мейірімді әрі жарқын. Аталмыш қойылым осы уақытқа дейін сахналанған.
Спектакль көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, көңілдерінен шыққандықтан актерлер шымылдықты осы ертегімен жабуды жөн көрген.

Юлия Высотинаның бұл ұжымда жұмыс істеп жүргеніне 6 жыл болған, яғни 6-шы рет жабылу маусымында өнер көрсетуде. Бүгін басты рөлде ойнамаса да барымды салуға тырысамын дейді.

ЮЛИЯ ВЫСОТИНА, актриса:

– Ертегі желісі көпшілікке бала кезден таныс. Әкесінің өлімінен кейін ағалары мұраны бөліске салады, кенжесіне тек мысық бұйырады. Ал бұл жануар өз иесінің өмірін түбегейлі өзгерте алатын болып шығады. Ақыры екеуі досқа айналады.

Бүгін зал лық толы. 45 минутқа созылған ертегі үлкен-кішінің бәріне ерекше әсер қалдырды. Қойылым аяқталғаннан кейін ұжым балалардың екінші легіне өнер көрсетеді.

НАТАЛЬЯ ЖАНИБЕКОВА, облыстық қуыршақ театрының бөлім меңгерушісі:

– Біздің театрдың жұмыс істеп келе жатқанына – 34 жыл. Еңбек етіп жатқан 60-қа жуық адам бар. Біз келесі ашылу маусымына дейін көрермен залын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Келушілерге керемет әсер сыйлау үшін жарық пен дыбыс жүйесінің күшін арттырғымыз келеді.

Театр шымылдығы күзге дейін жабылғанымен ұжымның жұмысы тоқтап қалмайды. Олар Астана қаласында 25 маусым күні өтетін ауқымды фестивальға дайындалуда.

 

Акжунис Мухатай