Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысқан халықаралық қаржы институттары мен ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді

Кездесулер түрлі мәселелерге, соның ішінде Қазақстандағы Eni S. p.a. компаниясының қызметіне және мұнай-газ жобалары жөніндегі жоспарларға қатысты болды. Жаңаөзенде гибридті электр станциясын салуға қатысты “ҚазМұнайГаз” мен Eni S. p.a арасында келісімге қол қойылды. Президент сонымен қатар Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және Citigroup өкілдерімен жобаларды қаржыландыруды талқылады.