Құқық қорғау органдары

Дәмхана тонаған ұры ұсталды

Қаладағы дәмханалардың біріне түнде түскен ұры 8 күннен кейін ұсталған. “Ауру қалса да әдет қалмайды” демекші, 39 жастағы ер адам бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жамбыл ауданының тұрғыны дәмхананың ішіне терезені сындырып кіріпті. 37 мың теңге ақша, dvd-плеер мен өзге де дүниелерді жымқырған. Шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды. Факті
ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айта кетейік,
ұры ойлағанын жүзеге асырған дәмханада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. Терезеде темір торлар да болмаған. Тәртіп сақшылары сан соғып қалмас үшін тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

 

Аснурия Абдула