Спорт

Благовещенкада спорт алаңы салынып жатыр

500-ден астам бала шағын футболмен қатар, волейбол және баскетболмен шұғылдана алады. Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылында көпсалалы спорт алаңы салынып жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 22 млн теңге бөлініпті. Алаңның аумағы 1400 шаршы метрді құрайды. Нысанның құрылысы мамыр айында басталған. Жауапты мердігер – «Қазқұрылыс эксперт» ЖШС. Қазір жұмыстың 80 пайызы тындырылған. Заманауи алаң маусым айының ортасында пайдалануға берілмек.

САМАТ ТОКИН, «Қазқұрылыс эксперт» ЖШС директоры, Жамбыл ауданы:

– Бізде енді резеңке мен жасанды шөп жабынын жабу және алаңды қоршау қалды. Учаскеде 3 маман тұрақты жұмыс істейді. Кей кезде қосымша 2-3 адам көмекке келеді. Барлық материалымыз бар. Күн сайын ауылдық округ әкіміне есеп беріп отырамыз.

ТҰРМЫС ИМАНЖАНОВ, Благовещенка ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы:

– Благовещенка ауылдық округінде 3400 адам бар. Округке Майбалық, Талпы, Богдановка деген ауылдар қосылады. Ауылдық округте 539 оқушы бар. Биылғы жылы Благовещенка округіне тағы 132 млн теңге бөлінді. Ол ақшаға Ғ.Мүсірепов пен Первомайская көшесіне асфальт төселеді.

 

Гульден Симбаева