Қоғам

Өңірге Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин келді

Өңірімізге ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин келді. Жұмыс сапары барысында еліміздің бас құтқарушысы жедел-құтқару жасағына арналған кешеннің құрылысымен танысты. Пестрый көлі маңында орналасқан нысаның құрылысы 2021 жылдың күзінде бастау алған болатын. Іске жауапты “АКВАБИЛД” серіктестігі шаруаны тамыз айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Нысанның жалпы ауданы 1 200 шаршы метрді құрайды. Оның ішіне арнайы техника, жүзу құралдары мен кинологиялық иттер орналастырылады. Мұндай жобалар төтенше жағдайлардың алдын алуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді деді министр Юрий Ильин.

 

Алдияр Айтпаев