Қоғам

Декларация тапсырмағандар 15 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды

Осыдан 2 жыл бұрын Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі қолға алынды. Биылдан бастап Петропавл қаласы бойынша 250 нысан активтер мен міндеттемелер туралы құжат ұсынады. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік мекемелердің мамандары мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары дерекпен бөліседі.

ЖАНАТ МҰРАТОВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Петропавл қаласы бойынша жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі декларанттары саны 25 343 адамды құрайды. Ағымдағы күнге дейін 19 036 адам дерек ұсынды.

Тұлға талап бойынша активтер мен міндеттемелер туралы дерек қағаз жүзінде 15-ші шілдеге дейін, ал электронды нұсқада 15-ші қыркүйекке дейін ұсыну қажет. Ол үшін мынаны білген жөн.

ЖАНАТ МҰРАТОВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Салық есептілігін web-портал, салық төлеуші кабинеті, “Электрондық үкімет” порталы, сондай-ақ, “e-Salyq Azamat” мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Қосымша деректер қажет болса Петропавл тұрғындары 46-60-17 нөмірі бойынша қоңырау шалып, жауапты мамандармен тілдесе алады. Қоса кетейік, декларация тапсырмағандарға алдымен ескерту жасалады. Ал егер жағдай өзгермесе 15 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

 

Байболат Култанов