Қоғам

Петропавлда қайырымдылық концерт өтті

“Көмек жаныңда” еріктілер қозғалысының белсенділері Дидар Айтмұқанға жәрдем беру жөнінде қайырымдылық концерт ұйымдастырды. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 17 жасар студентіне Дубайда ота жасау қажет. Операция құны 20 млн теңгеден асады. Ота маусымның 17-сі мен 25-і аралығына белгіленген. Қайырымдылық концерт барысында 1 млн теңгеге жуық қаражат жиналыпты. Оның барлығы Дидардың анасына табыс етілген. Бұл – отаға қажет соманың шамалы ғана бір бөлігі. Дидарға қол ұшын созамын деген жандар ақшаны экранда көрсетілген реквизиттер бойынша бағыттай алады. Халык банк 4390 8722 0202 8785, Каспи банк 4400 4302 3164 7436.

 

Акжунис Мухатай