Құқық қорғау органдары

Петропавлда 22 жастағы жігіт 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Петропавлда синтетикалық есірткіні көзден таса жерге жасырып, сатып алушыларға таратқан ер адам ұсталды. Күдікті – 22 жастағы жігіт. Мичурин көшесінде қолға түскен пысықайдан ұнтақ тәріздес зат салынған 36 полимерлік түйіншек тәркіленді.

– Имеется зажигалка. Карман пуст. А также свёрток в изоленте чёрного цвета.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 21 түйіншекте – “мефедрон”, ал қалғанында “тұз” деп аталатын есірткі болған. Синтетикалық заттың
жалпы салмағы 28,08 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

– Оның іс-әрекеті ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жалпы, жыл басынан бері өңірімізде есірткі сатты деген күдікпен 35 адам ұсталған. Сараптама қорытындысына сүйенсек, орта есеппен 5 есірткі таратушының төртеуі синтетикалық есірткімен байланысты болған.

 

Акжунис Мухатай