Қоғам

Биыл елде 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Ал, елімізге биыл өзге мемлекеттерден 8 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Олардың барлығы қандас мәртебесін алды деп жазды Aikyn.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отыра. Қандастардың көпшілігі көршілес елдерден көшіп келген. Басым бөлігі оңтүстік аймаққа және Астана қаласы мен Маңғыстау өңіріне қоныстанған. Қандастардың арасында еңбекке қабілеттілердің саны – 67,5, қабілетті жастан кішілердің саны 23,8 пайызды құрайды. Ал зейнеткерлердің үлесі – жалпы санның 8,7 пайызы. Әр отбасына тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 4 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі. Сондай-ақ, бір мезгілде жанұяның әр мүшесіне – 70 және үй жалдау мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуге бір жыл ішінде 30 АЕК-ке дейін қолдауақы төленеді. Жалпы, 1991 жылдан бері 1 млн 115,1 мың этникалық қазақ өз тарихи Отанына оралған.

 

Аснурия Абдула