Құқық қорғау органдары

Петропавлдық зейнеткер алаяққа 5 млн теңге аударып жіберген

“Немереңіз жол апатын тудырды”. Қазір алаяқтар адамдарға осылай хабарласатын болған. Жақыныңызды жазадан құтқару үшін ақша жіберіңіз дейтін көрінеді. Осындай дақпырт сөзге сеніп қалған петропавлдық алаяққа 5 млн теңгесін аударып жіберген. Жалған қоңырауға сеніп қалатындардың көбі зейнеткерлер болып шықты. Жыл басынан бері егде жастағы 36 адам алданып қалған. Бәрі ақшадан қағылды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Жалпы, қулардың іс-әрекетіне тоқсауыл қою мақсатында полиция қызметкерлері жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Маусымның 3-інен бері мамандар 2 мыңнан астам зейнеткермен сөйлескен, 3 мыңнан астам жаднама таратқан. Тәртіп сақшылары профилактикалық шара барысында егде жастағы қалалықтардың барлығын қамтуды көздеп отыр.

 

Самал Жунусова