СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі 2-ЖЭО-да болды

Қыста қысылмас үшін жазда бел жазбай тер төккен жөн. Осындай тапсырма алған «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының өкілдері қазір жатпай-тұрмай еңбек етуде. Міндет айқын. Алдағы қауырт кезеңде қаламыздағы жылу электр орталығы апатсыз жұмыс істеуі тиіс.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

– Қазір №3 түтін мұржасы жан-жақты тексеріліп жатыр. Мұнда ішкі жөндеу жұмысы аяқталды. Қазандықтарға келетін болсақ, биыл 5 қазандықты қайта қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз. Осылардан кейін №2 мұржаның мүмкіндігін байқаймыз. Оны алдағы қыста пайдаланамыз.

Жылу электр орталығының сыртында да қызу жұмыс. Мұнда биіктігі 180 метр болатын №1 түтін мұржасы тұрғызылып жатыр.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

– №1 мұржаны салу жұмысы жалғасып жатыр. Нысанның іргетасын қалап қойдық. Жақында мұржаның өзін тұрғызатын құрылыс компаниясының қызметкерлері келді. Мамандар жақында іске кіріседі.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– По финансированию всё, что мы планировали, выделяем. Я надеюсь, что это не на бумаге, работы идут так же. Сатжан Айтенович, держите на контроле, пройдитесь, посмотрите вместе с ЖКХ. В целом как?

– По графику.

Жұмыс алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Яғни, уақыттан кешігу байқалмайды. Алайда, шешуді қажет ететін мәселе бар. Орталыққа ондаған жұмысшы керек. Егер мамандардың қатары толықса, №1 түтін мұржасының құрылысына қарқын қосылмақ. Аймақ басшысы Айдарбек Сапаров жауапты тұлғаларға, соның ішінде аудан әкімдеріне кадр тарту, қажеттілік туындаса ниеті бар адамдарды оқыту жөнінде тапсырма берді.

 

Байболат Култанов