Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сот жүйесін жаңғырту барысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.

Жоғарғы Сот Төрағасы соттар мен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сот процесінде азаматтар мен бизнес құқықтарының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусын жоғары білікті заңгерлермен нығайту жөніндегі міндеттерді іске асыру туралы айтты.

Президентке сот қызметін талдамалық қамтамасыз етуді нығайтуға бағытталған шаралар қабылданғаны туралы хабарланды. Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы іске асырудың маңыздылығына және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға назар аударды.