БалаларСпорт

Есірткісіз болашақ

Есірткісіз болашақ. Осындай ұранмен полицейлер 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай спорттық шара өткізді. Қатысушылар – спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары.

Ашық аспан астында өткен шарада жастар күннің ыстығына қарамастан барынша белсенділік танытты.

АЙДАР ТҰРҒЫМБАЙ:

– Мен бүгінгі эстафетаға есірткіге қарсы және спортты жақсы көретін балаларды шақырамын. Біздің мектебімізде, интернат-колледжімізде бұндай іс-шаралар жиі өтеді. Біздің балалар нашақорлыққа қарсы!

“Көңілді бастаулар” эстафетасына толығырақ тоқталайық. Шараға 60-қа жуық бала қатысты. Олар алғашқы сайыста бірнеше топқа бөлініп, кедергілерді айнала жүгірді. Кейін білек күші сыналатын арқан тартуда мықтыны анықтады. Қатысып жатқан балалардың бәрі – спортшылар. Арасында палуандардың саны басым.

Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапатқа иеленді. Алдағы уақытта өңірімізде мұндай сайыс жалғасын таппақ. Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 600 келіден астам есірткі тәркілеген, оның 1 келісі – синтетикалық дүние.

 

Акжунис Мухатай