Балалар

Бескөлдік балалар КВН ойындарынан өткен Жасөспірімдер лигасының жеңімпазы атанды

Бескөлдік балалар көңілді тапқырлар алаңында топ жарды. Жақында КВН ойындарынан Қарағанды облысының бірінші чемпионаты Теміртау қаласында өтті. Финалдық кеште жерлестеріміз аталған өңірдің бірнеше командасымен сынға түсті. Қазылардың шешімі бойынша Қызылжар ауданының жастары Жасөспірімдер лигасының чемпионы атанды. “Ғажайып балалар” атты жас әзілкештер тобы былтыр №2 Бескөл орта мектебінде құрылыпты. Өнерпаздар – 7 мен 12 жас аралығындағы жеткіншектер.

 

Аснурия Абдула